Жилин университетінің өкілдері қызықты дәрістер өткізді

12 қазан – 7 қараша аралығында  «Ақпараттық технологиялар»  жоғары мектебіне Жилин университетінің (Словакия)  ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандары, профессорлар Елена Зайцева мен Виталий Левашенко келді.

            Олар «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» мамандығының студенттері мен магистранттарына және  жоғары мектеп оқытушыларына бірқатар қызықты дәрістер мен семинарлар өткізді.

            Профессорлар ақпараттық технологиялар саласындағы терең білімдерімен бөлісті, «Сенімділікті талдау және тәуекелдерді бағалау үшін Марков модельдері», «Ақпарат теориясының негіздері және оларды білім алу үшін пайдалану. Шешім ағаштары» дәрістері қызығушылық тудырып, оқу процесінің қызықты өтуіне септігін тигізді.

            Жас ғалымдарға арналған оқыту семинары ерекше назар аударуға тұрарлық. Қатысушылар өздерінің болашақ ғылыми және кәсіби қызметінде пайдалы болатын көптеген құнды білім алғанын атап өтті. Семинар тәжірибе алмасуға, ал пікірталастар кәсіби өсуге ықпал етті және оқыту үшін қолайлы жағдай жасады.

            Сонымен қатар профессорлар оқытушылар үшін ұзақтығы 72 сағат болатын «Сенімділікті талдау», «Білім алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді. Бұл курс қатысушыларды оқытудың жаңа әдістерімен таныстырып, ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру сапасын жақсартуға ықпал етті.

            Бағдарламаның сонында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

            Біз профессорлар Е. Зайцева мен В. Левашенкоға құнды үлестері үшін алғыс айтамыз және ақпараттық технологиялар саласындағы білімді ілгерілету үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу