Қажетті құжаттар тізімі

Қажетті құжаттар тізімі:

–  университет басқарма төрағасы-ректор атына өтініш;

 – нотариалды куәландырылған жоғары кәсіби білімі туралы 3 тілдегі қосымшасымен дипломның көшірмесі;

– бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат көшірмесі:

  • TOEFL (өту баллы – 560 кем емес);  
  • IELTS (өту баллы – 5.5 кем емес);

Аталмыш сертификаттардың біреуі болған жағдайда магистратураға түсуші шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсырудан босатылады және оған 50-балдық бағалау шкаласы бойынша ең жоғары балл беріледі.

– кадрлар есебі бойынша іс парағы және еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

 – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, Шетел азаматтарына (төлқұжаттың 2,3 және 5-ші беттерінің көшірмесі);

– 3х4 көлемдегі 8 фотосурет;

 – 075-у нысанындағы медициналық анықтама;

– ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі (магистратура үшін ғылыми еңбектері болған жағдайда, докторантура үшін –міндетті түрде);

– ғылыми кеңесшімен келісілген, жоспарланған диссертациялық зерттеу негіздемесі (докторантура үшін);

– кешенді  тестілеу тапсыру үшін төлемақысын төлегені туралы түбіртек;

Салыстырып тексеру үшін көшірмелерімен бірге құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. Тексеруден соң түпнұсқалар қайтарылады.

Шетел тілінде ұсынылған құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды шандырылған аудармасы болуы керек.