БҚАТУ студенті Бекжан Ғалымжан VIII Халық ойындарының күміс жүлдегері атанды

Түркістан қаласында өтiп жатқан VIII Халық ойындарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Бекжан Ғалымжан қазақ күресiнен 74 келі салмақ дәрежесiнде күміс жүлде иеленді.

Бекжан Ғалымжан – «дене шынықтыру және спорт» мамандығының ІІ курс студенті. Айта өтейік, бұған дейін ол ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогында қола жүлдегер атанған еді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, қазір өтіп жатқан VIII Халық ойындарында Батыс Қазақстан облысының қазақ күресі құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Ақжайық палуандары жалпыкомандалық есепте чемпион атанды.