Мақсаты: Болашақ бәсекеге қабілетті, жоғары мәдениетті, зайырлы, әлеуметтік белсенді және адамгершілігі жоғары сападағы азаматты – елдің патриоты (отансүйгіш) сынды маманның жеке тұлғасы өрісін дамытуды қамтамасыз ету. Орталықтың мақсаты – жастарды белсенді қоғам мүшесі ретінде қалыптастырып, олардың жеке және қоғамдық бастамаларын дамыту. Сонымен қатар, орталық жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, азаматтық белсенділігін арттыруға, қоғамдағы өз орнын айқындауына және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізеді. Жастардың өзін-өзі дамытуына, кәсіби бағдар алуына және заманауи талаптарға бейімделуіне мүмкіндік жасай отырып, олардың қоғам дамуына қосатын үлесін арттыруды көздейді.
Міндеттері;
Жастардың шығармашылық, инновациялық және кәсіпкерлік қабілеттерін қолдау
Қоғамдық және әлеуметтік жобаларды ұйымдастыруға қатыстыру
Жастардың көшбасшылық және ұйымшылдық дағдыларын дамыту
Жеке бастамаларды іске асыруға жағдай жасау, тәуелсіздік пен жауапкершілікті қалыптастыру
Жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және қоғамға пайдалы бастамаларды насихаттау
Университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында Қазақстандық отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру және дамыту.
Студенттер инициативасына қолғабыс беру және дамуы, студенттерді қоғамдық, мәдени-көпшілік және спорттық-еңбек өміріне тарту.
ЖАСТАР БАСТАМАСЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті-құқықтық актілері мен өкімдік құжаттарына, халықаралық және республикалық сапа стандарттарына, Университет Жарғысына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
жоспарлардың тұжырымдамаларын және т. б., тәрбие үрдісі бойынша құжаттарды әзірлеу, бекіту, олардың орындалуын бақылау;
институт директорлары тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларының, академиялық топ кураторларының және университеттегі студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы іс-шаралардың орындалуын және есептерін қарау;
институттардың, университеттегі студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлар мен есептердің сапасын тексеруді жүзеге асыру, олардың нақты орындалуы;
университеттегі тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің, құқық бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңестің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
студенттің жеке дамуына қолайлы жағдай жасауға және рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал ету;
университетте тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімі келесідей 12 бағытта үйлестіру жұмыстарын жүргізеді:
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;
Жастар саясаты;
Азаматтық-патриоттық тәрбие;
Әскери-патриоттық тәрбие;
Рухани-адамгершілік тәрбие;
Құқықтық тәрбие;
Студенттердің шығармашылығын дамыту;
Дене тәрбиесі;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Кәсіби еңбек тәрбиесі;
Студенттік жатақхана жұмысы;
Студенттерді әлеуметтік қолдау.
Жастар бастамасын дамыту орталығы міндетін атқарушы қызметкерлері;
Бердібек Нұрасыл Бердібекұлы Жастар бастамасын дамыту орталығы директоры Байланыс:+7-775-636-27-45
Құлжанова Гүлнұр Асқарқызы Жастар бастамасын дамыту орталығы директоры орынбасары Байланыс:+7-776-297-36-33
Исимов Кайрат Махсотұлы Жастар бастамасын дамыту орталығының жетекші маманы Байланыс:+7-702-795-90-66