Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі 2021-2022 жылға арналған Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды қабылдау кезеңі 2021 жылдың 4 қаңтарынан бастап ашылатындығын қуана хабарлайды. Global UGRAD бағдарламасы студенттерге АҚШ-тың колледж немесе университетінде 1 академиялық семестр ішінде оқуға, АҚШ-та мәдени және білім тәжірибесін алуға және біліміңіз бен дағдыларыңызды кеңейтіп, америкалық мәдениет пен құндылықтар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.
Global UGRAD бағдарламасына тапсыру үшін 2021 жылдың 4 қаңтарынан бастап, осы сілтеме https://webportalapp.com/sp/login/n9bqhdalu1 арқылы тіркеліп, онлайн сауалнаманы толтырыңыз. Құжаттарды тапсырудың соңғы күні – 2021 жылдың 28 ақпаны.
Бағдарлама толығымен Америка Құрама Штаттарымен қаржыландырылып, төмендегідей шығындарды қамтамасыз етеді:
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Global UGRAD –Қазақстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімінде оқитын және АҚШ-та бағдарламаның аяқталуынан кейін, қатысушының Қазақстанның жоғары оқу орындарында диплом алғанға дейін кемінде бір семестрін оқып, жалғастыратын студенттерге арналған АҚШ Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет бағдарламалар бюросының халықаралық студенттік алмасу бағдарламасы. Бағдарлама барлық қазақстандық жоғары оқу орындарында 1-3 курстағы және кез-келген мамандық бойынша оқитын студенттерге ашық. Бағдарламаға қатысушылар байқау негізінде анықталады.
Global UGRAD бағдарламасы АҚШ университетінде бір академиялық семестрді толықтай оқу үшін стипендиямен қамтамасыз етеді. Бағдарламаның қатысушысы АҚШ-та аккредиттелген төртжылдық жоғарғы оқу орнында оқып, студенттік жатақханаға орналасады. Қажеттілік туындағанда, финалистер қарқынды ағылшын тілі курсынан өте алады. (Бағдарлама финалистерінің 25% ғана осындай мүмкіндік беріледі). 2021 жылдың күзінде ағылшын тілінің даярлық курсы өтеді. Осы ағылшын тілінің даярлық курсын оқитын студенттер, негізгі оқуын 2022 жылдың көктемінде бастайды. Сонымен қатар, бағдарлама барысында қатысушылар қоғамдық жұмысқа белсене араласып, кәсіби семинарлар мен шараларға қатыса алады.
Академиялық бағыт пен жалпы көрсеткіштерді ескере, Global UGRAD бағдарламасы студенттерді тиісті университеттерге орналастырады. Сондықтан, Global UGRAD бағдарламасы бойынша оқитын студенттер америкалық университеттерді таңдамайды.
Global UGRAD бағдарламасының финалистері Америкада оқуға арналған дайындық кездесуіне қатысып, АҚШ-қа келгеннен кейін таныстыру кездесуінен өтеді және соңында семинарға қатысады.
Global UGRAD бағдарламысына іріктеу барысында үміткерлердің жеке және қоғамдық жетістіктері ескеріліп, ашық байқау негізінде өтеді. Осы байқауға келесі талаптарға сай студенттер өтінім тапсыра алады:
Global UGRAD бағдарламысына келесі талаптар негізінде құжаттар қабылданбайды:
TOEFL ТЕСТІЛЕУІ
Тек екінші кезеңге өткен қатысушылар ресми ағылшын тілі TOEFL тестілеуін тапсырады..Тестілеу шығындары толығымен Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен қамтамасыз етіледі.
Студенттің міндеттері
БАЙҚАУ ҚҰЖАТТАРЫ:
Бағдарламаға үміткерлер төмендегі талаптарға сай құжаттарды тапсыру керек:
Сауалнама үміткердің жеке жұмысын толықтай көрсету керек. Басқа адамның немесе басқа ресурстарда көрсетілген сөздерге, ойларға, тұжырымдамаларға ұқсас және басқа автордың ойын өз ойы ретінде көрсететін жауаптар мен эсселер қарастырылмайды. Үміткердің сауалнамасында немесе шығарламарында көрсетілген кез-келген плагиат болса, байқаудан сол сәтте алынып тастауға негіз болып табылады.
Үміткерлерге кеңес: Білім орталықтары, консультанттар және бағдарлама түлектерінен эссені жазу үшін көмек сұрамауыңызды өтініп сұраймыз. Әрбір сауалнама мұқият іріктеуден өтеді. Академиялық адалдықты бұзған, сауалнаманы толтыру және эссені жазу үшін көмек алған үміткерлер анықталғаннан кейін, сол сәттен бастап іріктеуден шектетіліп, болашақта басқа да АҚШ Мемлекеттік департаменті бағдарламаларына құжаттары қарастырылмайды. Егер де сіз эссені Global UGRAD бағдарламасына үміткердің өзі жазбағаны туралы білсеңіз, осы э-поштаға жазуыңызды сұраймыз Nur-SultanInfo@state.gov.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі
Мерзімнен кеш немесе толық емес сауалнамалар қарастырылмайды. Сауалнамалар онлайн түрде 2021 жылдың 28 ақпанына дейін тапсырылуы тиіс. Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер 2021 жылдың мамыр айында хабарлама алады.
БАЙҚАУ ШАРАЛАРЫ
Барлық қатысушылар байқау негізінде іріктелінеді. Қабылдау комиссиялары талаптарға сай өтінімдерді қарастырады. Жартылай финалистер сұхбатқа шақырылады.
Бағдарламаға қатысты соңғы шешімді Вашингтон, Колумбия округіндегі АҚШ Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет бағдарламалар бюросы қабылдайды.
Global UGRAD бағдарламасы басталмай тұрып, барлық жеңімпаздар медициналық сараптамадан өтіп, тиісті егу кітапшасын көрсету керек.
Бағдарламаның соңында, қатысушылар америкалық университеттен оқу транскриптін алады. Сонымен қатар, Global UGRAD бағдарламысына қатысып, оқығандығын растайтын грамота алады. Алайда, қазақстандық оқу орнына алмасу бағдарламасы бойынша алынған транскриптін кредиттерін есептету студенттің жауапкершілігі.
Sur-Place стипендиясы
Конрад Аденауэр атындағы Қор Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды.
Конкурсқа кім қатыса алады?
Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндіз оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады - бакалаврлар немесе магистранттар. Ерекшелік ретінде соңғы курста оқитын студенттерге стипендия тағайындалуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс.
Конкурстық іріктеу кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең дүниетанымы бар және көздеген мақсатына жете білетін студенттерге басымдық беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті болып саналмайды.
Стипендияны төлеу мерзімі
Стипендия 6 айға беріледі (ұзарту мүмкіндігімен).
Конрад Аденауэр атындағы Қордың болашақ стипендианттары екі сатылы конкурстық іріктеуден өтеді: төменде көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру және сұхбаттасу болады.
Конкурсқа қалай қатыса алу керек?
Конкурсқа қатысу үшін электронды түрде құжаттардың толық пакетін (төменде көрсетілген) келесі электрондық поштаға жіберу керек: sps-kaz@kas.de
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 31.12.2020
Сұхбаттасуға қатысқан жағдайда шығыстарды (жазбаша хабарламадан кейін) Қор өзіне алады. Қатысушылар өздері сапар үшін жауапты болып табылады.
Толық тізімге келесі құжаттар кіреді (ағылшын немесе неміс тілдерінде):
Сұхбаттасуғашақырылған үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет.
Қосымша ақпаратты sps-kaz@kas.de электронды поштасына, сондай-ақ +7 7172 925 630 байланыс телефонына хабарласу арқылы білуге болады. Сіздің конкурсқа қатысуыңызға риза боламыз және Сізге сәттілік тілейміз!
Бағдарламаның мақсаты - түрік жоғары оқу орындарының және басқа елдердің жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері арасындағы академиялық алмасу.
• Мевлана бағдарламасы - Түркиядағы негізгі білім беру бағдарламаларының бірі.
• Студенттер шетелде бір (минимум) немесе екі (максимум) семестрде оқи алады.
• Мұғалімдер шетелде бір аптадан (ең азы) үш айға дейін (ең көбі) дәріс оқи алады. Сәйкесінше, осы бағдарламаның арқасында студенттер мен оқытушылар шетелде білім алу тәжірибесін жинап, білім деңгейлерін арттыра алады.
Мевлана алмасу бағдарламасына қатысу шарттары:
• Бакалавриат, магистратура және докторантураның студенті болыңыз
• бакалавриат студенттері үшін - GPA кемінде 2,5 / 4,00
• магистранттар мен докторанттарға арналған. Орташа балл 3.00 / 4.00 кем емес
• ағылшын немесе түрік тілдерін білетіндігін растайтын сертификаттың болуы
* Бірінші курстың бірінші курс студенттері, магистранттары мен докторанттары бұл бағдарламаға қатыса алмайды
Мевлана алмасу бағдарламасы бойынша стипендиялар:
• Студенттер айына 750 түрік лирасының 70% алады
• Қалған 30% студентке олардың сәтті аяқтағанына сәйкес беріледі
• Бір семестрде студент 4 айға ақша алады (3000 түрік лирасы)
* Студенттер оқу ақысын төлемейді және қабылдаушы университеттің пайдасына ешқандай қосымша шығындарға ұшырамайды, бірақ келген оқу орнында міндетті оқу ақысын төлей береді (егер олар ақылы бөлімнің студенттері болса).
Мевлана алмасу бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар:
• сауалнамалар
• Транскрипт
• Оқу орнынан анықтама
• тілді білу - сертификат (ағылшын немесе түрік)
• Паспорттың көшірмесі