Индустриалды-технологиялық институты

Индустриалды-технологиялық институты — бұл білім берудің үш сатысы (бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша инженерлік кадрлар даярлайтын университеттің құрылымдық бөлімі.

Институттың тарихы 2005 жылы бастау алады, елдің өнеркәсіптік дамуының қажеттіліктеріне байланысты Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарын игеру, машина жасау, құрылыс саласын дамыту білікті мамандар мен ғылыми қолдауды талап етті.  Осы мақсатта 2005 жылы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №633 қаулысына сәйкес университет құрамында «Машина жасау» факультеті ашылды.

2007 — факультеттің жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді.

2008 — «Машина жасау» факультеті бойынша бірінші бакалавриат түлектері дипломдарын алды.

2019 — университетті оңтайландыру аясында факультет «Индустриалды-технологиялық институты» болып қайта құрылды, бұл оның көлемі мен мамандықтар ауқымының кеңеюін көрсетті.

Институттың дамуына бірқатар талантты ғалымдар мен ұйымдастырушылар үлес қосты:

2005-2006 — доцент Бралиев Майдан Қабатайұлы;

2006-2013 және 2020-2024 — Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Монтаев Сәрсенбек Алиакбарұлы;

2013-2020 — техника ғылымдарының кандидаты, доцент Шакешев Бекболат Темержанұлы;

2024-2025 — техника ғылымдарының кандидаты Губайдуллина Гүлхан Мұратбекқызы;

Қазіргі уақытта — институтты техника ғылымдарының кандидаты Бакушев Асқар Асылғалиұлы басқарады.

Институт білімнің барлық сатылары бойынша 11 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандар даярлайды. Оқыту екі тілде (қазақ және орыс) жүргізіледі.

Негізгі бағыттары

Құрылыс саласы: 6В07300 – «Құрылыс инженериясы», 6В07301 – «Құрылыс материалдарын өндіру», 6В07305 -«Сәулет».

Мұнай-газ кешені және  тау-кен ісі:  6В07202 «Мұнай-газ ісі», 6В07204 – «Пайдалы қазбалар кенорындарының геологиясы және оларды барлау», 6В07205 – «Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жабдықтарға сервистік қызмет көрсету», 6В07206 – «Пайдалы қазба кен орындарын игеру және пайдалану», 6В07207 – «Мұнай өндіру нысандарын пайдалану және қызмет көрсету», 6В07100 – «Химиялық инженерия және процестер».

Жер қатынастары: 6В07302 – «Жерге орналастыру», 6В07303 – «Кадастр», 6В07304 – «Гидромелиорация».

Барлық білім беру бағдарламалары жұмыс берушілер, кәсіби мамандармен бірлестіктер және түлектер қауымдастығы тарапынан сыни бағалау мен рецензиялаудан өтеді, білім сапасының нақты нарық талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Индустриалды-технологиялық институты ел экономикасының негізгі салалары үшін заманауи білім беру әдістері мен іргелі ғылыми зерттеулерді үйлестіре отырып, жоғары білікті инженерлерді даярлауды жалғастыруда.

Оқытушылар
Байланыс
Бакушев Аскар Асилгалиевич
Бакушев Аскар Асилгалиевич
Институт директоры, доцент м.а., т.ғ.к.

       

06 - 214
2-34, 8 (7112) 51 61 33
Мажитов Еркебұлан Бисенғалиұлы
Мажитов Еркебұлан Бисенғалиұлы
Директордың ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары
06-213
1-61
Жарылгапов Сабит Муратович
Жарылгапов Сабит Муратович
Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары, Қауымдастырылған, PhD
06-2014
1-56
Тасанова Жадыра Байжановна
Тасанова Жадыра Байжановна
Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
06-213
1-61
📚 Loading…