Enbek.kz порталы – ол, жұмыс іздеушілер мен қажетті мамандарды іздеген жұмыс берушілерге арналған электронды еңбек биржасы. Цифрлық жұмыспен қамту платформасын Жұмыс күшін дамыту орталығы қадағалайды. Электрондық биржа – Қазақстанның түкпір-түкпірінен бос жұмыс орындары мен үміткерлер туралы мәліметтерді жинайтын бірыңғай платформа. Сіз белгілі бір аймақтағы, қаладағы немесе аудандағы бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді көре аласыз.
Бұл ақпарат әртүрлі көздерден – мысалы, жергілікті жұмыспен қамту орталықтары қалыптастыратын мемлекеттік деректер қорынан, жеке агенттіктердің дерекқорларынан, БАҚ-тан және т.б. алынады. Сонымен қатар, пайдаланушылар – жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де – порталға өтінішті өз бетінше орналастыра алады.
Сайттағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады, сондықтан өзекті ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Enbek.kz сайтында жұмыссыз ретінде тіркелу тегін және тәулік бойы мүмкін.
Ағымдағы бос жұмыс орындарын көру үшін компьютеріңізден «Еңбек. kz» цифрлық платформасына өтіңіз немесе ENBEK KZ мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.