Жәңгір хан университетінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «Тәуелсіздік тұғыры – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаумен басталды.
Дөңгелек үстелдің модераторы, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігінің айқын белгісі әрі ұлттық бірегейліктің маңызды негізі екенін атап өтті.
Спикерлер өз баяндамаларында мемлекеттік рәміздердің маңызына, оларды құрметтеудің азаматтық жауапкершілікпен байланысына және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөліне тоқталды.
Жиын барысында қатысушылар баяндамалар төңірегінде пікір алмасты.
Айта өтелік, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын бүгінгі күн – елімізде Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді.



