ЖАО гранттары

«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру тәртібі

“Бакалавр” немесе “магистр” дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты тиісті облыс және (немесе) республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылатын ЖАО (жергілікті атқарушы орган) конкурстық комиссиясы өткізеді.

ЖАО білім беру гранттары өңірдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі есебімен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсушілер өтініш білдірген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сай білім беру гранттарын беру туралы куәлік берумен қоса ҰБТ және КТ сертификаттарының балдарына сәйкес беріледі.

ЖАО білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 5-10 тамыз аралығында 7-10-тармақтарға сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін 24-25 тамыз аралығында сәйкес құжаттарды тапсырады.

ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе әкім орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріледі.

ЖАО білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланады.

ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәліктің негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы ЖАО білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарады.

ЖАО білім беру гранты иегерімен “ЖАО-студент-ЖЖОКБҰ” үш жақты шарт жасалады.

Грант иегері ЖАО білім беру грантынан бас тартқан жағдайда ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік жойылады, білім беру гранты осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде беріледі.

ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлікті азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған ЖАО білім беру гранттарын беруді жазғы және қысқы демалыс кезінде конкурстық негізде бос орындарға беруді ЖАО комиссиясы жүзеге асырады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу