Әскери кафедра студенттері оқу-жаттығуға қатысты

27 қыркүйек күні өткен БҚО аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің оқу-жаттығуларының қорытынды кезеңіне Жәңгір хан университетінің әскери кафедрасында «Аумақтық қорғаныс» мамандығы бойынша оқитын студенттер және аға оқытушы, запастағы подполковник Калеш Кангельдиев пен әскери кафедра бастығы, запастағы полковник Асқар Кониров қатысты.

Оқу-жаттығу барысында стратегиялық тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күзету және қорғау, сондай-ақ жаудың террористік топтарын жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің іс-қимыл тәсілдері мен тактикасы пысықталды. Аумақтық қорғаныстың командалық құрамы арасында әскери кафедраның көптеген түлектері, бүгінде қызмет етіп жүрген немесе оқу-жаттығу жиындары кезінде запастан шақырылған офицерлер болды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу