“Зияткерлік меншік объектілерін қорғау” тақырыбында семинар өтті

2-ші бизнес-инкубациялық бағдарлама шеңберінде “West StartUp Incubator” бизнес-инкубаторының қатысушылары 2023 жылғы 9-13 қазан аралығында “Зияткерлік меншік объектілерін қорғау” модулінің семинарларына, тренингтеріне белсенді қатысты.

Зияткерлік құқық жөніндегі Менеджер Талап Шадьяров тыңдаушыларға зияткерлік меншік объектілері туралы жалпы құқықтық ережелер берді, ұлттық және шетелдік патенттік ведомстволардағы құқықтық қорғау мәселелері мен патенттеу шарттарын қарастырды. Қатысушыларды патенттік-ақпараттық іздеу жүргізу, сондай-ақ өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге өтінімдерді тіркеу рәсімімен таныстырды, өтінім беруден және қорғау құжатын алудан бастап. Шетелдік патенттеу туралы ақпаратты, патенттеу рәсімін таңдауды, Патенттік кооперация туралы шартқа, Еуразиялық патенттік Конвенцияға сәйкес патенттеуді ұсынды. Электрондық жүйеде жұмыс істеу бойынша мастер-класс өткізді www.newcab.kazpatent.kz ҚР ӘМ “Ұлттық зияткерлік меншік институты” РМК.

Топтық консультациялар өткізу кезінде тыңдаушылар ИЫҰ-ға өтінімдерді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіліміне енгізу қағидаларына қызығушылық танытты. ХПЖ бөлімдерімен жұмыс істеу бойынша мысалдар келтірілген. Зияткерлік меншікті қорғау құжаттарын басқару және лицензиялық келісімдерді ресімдеу мәселелері қозғалды.

Семинар тренингін өткізу барысында тыңдаушылар қорғау құжаттарының қолданылу мерзіміне, пайдалы модельге патенттен өнертабысқа патенттің қандай артықшылықтары бар, жарияланған патенттік құжатта не бар, Халықаралық патенттік сыныптаманы қалай анықтауға болады, сондай-ақ қандай объектілер құқықтық қорғалуға жатпайтыны туралы сұрақтар қойды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу