«Жеті қазына» өз мәресіне жетті

13 сәуір күні Жәңгір хан университетінде «Жеті қазына» ұлттық жобасы қорытындыланып, «Ырысын шашқан гүл-көктем» атты ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған көпшілік шара ұйымдастырылды.

Бұл шараға басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, өңіріміздегі мәдениет саласының өкілдері және жеке кәсіпкер, ұлттық жоба аясындағы шаралардың қолдаушысы Ақылбек Ищанов қатысты.

Мерекелік шарада алдымен сөз алған университет басшысы Асқар Мырзахметұлы «Жеті қазына» ұлттық жобасының өз мәресіне жеткенін айтып, түйінді шараның жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы БҚАТУ-дың көшбасшы білім ордаларының бірі екенін атап өтіп, осындай маңызды іс-шараның ұйытқысы болған университет басшылығына алғысын білдірді. Сондай-ақ бір топ  белсенді студентке Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды 

Бұдан соң әр институт «Жеті қазынаның» – «Салт-дәстүр» бағыты бойынша қазақ халқының ұмытыла бастаған салт-дәстүрлері туралы сахналық көріністер көрсетті.

Қорытынды кеш барысында университет қабырғасында өткен жылдан бері жалғасып келе жатқан «Жеті қазына» ұлттық жобасының бірнеше бағыты бойынша ұйымдастырылған іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлер марапатталды. Ал жобаның басты жүлдесін «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институты жеңіп алды.

Көпшілік шарада ұлттық ойындардан сайыстар өткізілді. Тағылымды іс-шараны Жәңгір хан университетінің өнерпаз жастары ән-бимен көркемдеді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу