Ветеринарлық квест өтті

10 сәуір күні ғылым күніне орай «Ветеринариялық медицина және мал шаруашылығы» институтында ветеринарлық квест шарасы өтті.

Бұл шараға ветеринария мамандығының 4-курс  белсенділері, институт директоры в.ғ.к., қауым. профессор Б.Нургалиев, ғылыми жұмыстары жөніндегі директор орынбасары в.ғ.к., доцент м.а К.Мурзабаев қатысты. Шарада эпизоотология және инфекциялық аурулар, паразитология және инвазиялық аурулар, микробиология және вирусология, ветеринариялық-санитариялық сараптау, ветеринарлық гигиена және санитария пәндері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар дайындалды. Ветеринарлық квест кезінде 4 команда құрылып, олардың арасында төрт кезеңнен тұратын сайыс жүргізілді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу