Үздіктер мен белсенділер слеті-2023

14 желтоқсан күні Жәңгір хан университетінде «Үздіктер мен белсенділер слеті» ұйымдастырылып, жыл бойына жоғары жетістіктерімен көзге түскен студенттер марапатталды.

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында университеттің Жастар бастамасын дамыту орталығы ұйымдастырған дәстүрлі салтанатты іс-шара «Нұралы» мәдени-демалыс орталығында өтті. Алдымен сөз алған университеттің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры Нұркен Губашев шараға шақырылған қонақтарға білім ордасының басшылығы атынан ыстық ықыласын білдіріп, шараның маңызына тоқталды. Сондай-ақ Жәңгір хан университеті жастарының бағындырар белестері көбейіп, алдағы жылы да толағай табыстарға жетулеріне тілектестік білдірді. Шарада сөз алған қонақтар да үздіктер мен белсенділерді құттықтап, білімді, тәрбиелі жастар – жаңа Қазақстанның болашағы екенін атап өтті. 

Мерекелік шара барысында білім, өнер, спорт салалары бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізген білім алушылар университет ректорының атынан Құрмет грамоталарымен және мерейтойлық төсбелгілермен марапатталса, Президенттік шәкіртақы иегерлері мен бірқатар белсенді студенттерге алғыс хаттар тапсырылды. Сонымен бірге «Білімділер додасы» зияткерлік сайысының, республикалық пікір сайыс турнирлерінің, «Жаңа толқын» облыстық студенттер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шараны өнерлі жастар ән-билерімен көркемдеді.

Шараға 150-ден астам студент қатысты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу