Университеттің 60 жылдығына арналған конференция

Бүгін Жәңгір хан университетінде «Ғылым, зерттеулер, білім: даму тенденциялары» атты XXIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Білім ордасының 60 жылдығына орайластырылған конференция жұмысының пленарлық отырысына қатысқан басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов келген қонақтарға ыстық ықыласын білдірді. Бұдан әрі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының кеңесшісі С.Мұхтаров сөз алып, Жәңгір хан университетінің ұжымын мерейтойларымен құттықтады.

Конференция жұмысына отандық және ресейлік ғалымдар офлайн форматта, ал Корея, Қытай, Украина елдерінің ғалымдары онлайн форматта қосылып, баяндамалар жасады.

Басқосуда Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарында жетекші ғалымдардың басшылығымен өткізілетін ғылыми зерттеулердің тәжірибесі мен нәтижелері талқыланды.

Түстен кейін конференция жұмысы ауыл шаруашылығы ғылымдары; ветеринария; техникалық ғылымдар; экономикалық ғылымдар; гуманитарлық ғылымдар бойынша секциялық отырыстармен жалғасты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу