Ұлттық мереке ұлықталуда

Жәңгір хан университетінде «Наурызнама» іс-шаралары басталуда.

13 наурыз күні Көрісу айт – Амал мерекесіне орай «Көрісу керуені» атты этно-фест іс-шарасы өтті. Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі жанындағы «Арман» балалар аула клубы мен университетіміздегі «Мәдениет және өнер студиясы» ұйымдастырған мерекелік шараны профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер және білім алушылар тамашалады. Алдымен құттықтау сөз алған Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов биыл Наурыз мейрамы кең ауқым алғанын атап өтті. Бұдан әрі шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

14 наурыз – Көрісу күніне орай «Амал келді, жыл келді!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Ертемен бас ғимараттың фойесінде оқытушылар мен қызметкерлерді және білім алушыларды ұлттық киімдегі жастар қарсылап, үлкендерге көрісіп, батасын алды. Ұжым қызметкерлері бір-бірін ежелден келе жатқан «Көрісу айт» мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік көңіл күйді еселеген «Нарын сазы», «Ерке-Нұр», «Тұмарым» шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Бұдан әрі мерекелік іс-шара институттар мен орталықтарда жалғасты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу