Ұлттық ғылым академиясындағы кездесуге қатысты

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Сынау орталығының директоры Индира Бейшова ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында өткен жас ғылым көшбасшыларымен кездесуге қатысты.

Кездесуге қатысқан жас ғалымдар алдында Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев академияда Жас ғалымдар кеңесінің құрылғанын жариялады.

Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын Президиум басқаратын болады, оның мүшелеріне ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай, ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері, республикадағы жас ғалымдар ұйымдарының төрағалары, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, еліміздің ЖОО мен ҒЗИ жас ғалымдары кеңестерінің төрағалары, беделді, жас әрі қалыптасқан ғалымдар енді. Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып Ұлттық биотехнология орталығы, «Адам генетикасы» зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, PhD, қауымдастырылған профессор Мақсат Қизатұлы Жабағин сайланды. Ол академияның басшылық құрамына ресми түрде еніп, басқарма президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Жас ғалымдар кеңесі президиумының мүшесі – омбудсмен лауазымына М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің қауымдастырылған профессоры PhD, жас заңгер-ғалым Муслим Ханатұлы Хасенов тағайындалды. Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары болып Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы, қауымдастырылған профессор, PhD Шахислам Ұзақбайұлы Лайсханов сайланды.

Осылайша тәуелсіздік жылдарында тұңғыш рет ҚР Ұлттық ғылым академиясында Жас ғалымдар кеңесі құрылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу