Телеконференцияға қатысты

Тілдерді дамыту орталығының оқытушылары мен 1-курс студенттері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің шет тілдері кафедрасы ұйымдастырған «Connecting Cultures Across the Globe» (Бүкіл әлем бойынша біріктіруші мәдениеттер) атты халықаралық бірлескен телеконференцияға қатысты.

Телеконференцияның мақсаты – тілдер, көптілділік, мәдениетаралық коммуникация, технология және оның мәдениетаралық өзара әрекеттесуге әсері, жаһандық жағдайлар мәселелері және оның мәдениетаралық қатынастарға әсері, мәдениетаралық қайшылықтарды, этика мен тіл мәселелерін шешуді сыни талқылау және мәдени құзыреттілік. 

Жәңгір хан университетінің білім алушылары Ясмин Тлеген (БФА-11), Айгерім Бисманова (БФА-11), Мирхат Амангельдиев телеконференция тақырыбы бойынша баяндамалар оқыды. Бірлескен жемісті жұмыс нәтижесінде шараға қатысушыларға дипломдар табыс етілді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу