Студенттер “Казкон” кондитерлік цехында болды

“Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары” жоғары мектебінің ТПР-43 топ студенттері “Нан өндірісінің технологиясы” және ТПР-31 топ студенттері “Қайта өңдеу өндірістерінің жалпы технологиясы”, ТПР-31,ТПП-31,ПБ-31,ППП-32 топ студенттері “Автоматты құралдар және процесті басқару” пәндерінен өндірістегі практикаға бағытталған сабақтары (ПБС) №1 Нан-сүт өнімдері комбинатының “Казкон” кондитерлік цехында өткізілді. Цех басшысы Сериккалиев М. нан-бөлке, бамбук печеньесі, жүгері таяқшалары өнімдері линиясының жұмыс жасау принципін көрсетіп,  шикізат қабылдаудан бастап дайын өнім алынғанға дейінгі технологиялық процестерді және өнімнің сапасын бағалау әдістері, басқару қондырғылары мен басқарылатын объектілер жиынтығы басқарудың автоматтандырылған жүйесі  туралы  айтып өтіп, білім алушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Практикаға бағытталған  сабақтарды жоғары мектептің аға оқытушысы, PhD доктор Г.А.Умирзакова, аға оқытушысы, PhD доктор Асангалиева Ж.Р,т.ғ.к оқытушы Оразов А.Ж.,оқытушы,магистр Жумагалиева А.С жүргізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу