Студенттер ғылымға құштар

Бүгін Агротехнологиялық институттың «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»  жоғарғы мектебіндегі «Құнарлылық және өнім үшін» студенттік ғылыми үйірмесінің екінші отырысы өтті. Үйірменің «Өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау» тақырыбындағы отырысына жоғарғы мектептің аға оқытушылары Л. Т. Калиева мен А. К. Кушенбекова жауапты болды.

Білім алушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі проблемаларының мәні туралы түсінік қалыптастыратын баяндамалар жасады. Нәтижесінде өсімдіктерді қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердің түрлі әдістерін игеру жұмыстарымен қызыға айналысты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу