«SMART-UNIVERSITY: Қауіпсіздік, қолжетімділік және даму» конференциясы

Университетімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білім алушылардың IT құзыреттіліктерін дамыту үшін IT платформа» жоспарының кестесіне сай 24 сәуір күні «SMART-UNIVERSITY: Қауіпсіздік, қолжетімділік және даму» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияны ұйымдастырушылар Ақпараттық технологиялар орталығының оқытушылары С.К.Баигубенова, А.М.Базарбаева.

«SMART-UNIVERSITY: Қауіпсіздік, қолжетімділік және даму» тақырыбында өткізілген конференцияға «Ақпараттық технологиялар» орталығының оқытушылары және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының білім алушылары қатысты.

Конференцияның мақсаты – білім алушылардың IT құзыреттіліктерін қалыптастырудағы SMART технологияларды қолдану және пайдалану тиімділігі аясында конференция қатысушылары арасында пікір алмасып, тәжірибемен бөлісу.

Конференцияда төмендегідей баяндамалар оқылды: Бекенова А.С. – Smart университет – білім берудегі инновация дамуының негізі, Насс О.В, Абуова Ж.М, Вахитова А.Х. – Электронные образовательные ресурсы для реализации  Smart-технологий обучения, Жаксылыкова Г.А., Хайруллина А.С – Основные принципы и  парадигмы системы smart-образования, Баигубенова С.К., Диярова Л.Б. – Болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы инновациялық әдістер, Базарбаева А.М. – Робототехника үйренуде arduino-ны пайдалану, Таскаирова А.А. – Математиканы оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану, Кудайберген Манас, жетекшісі.: Таскаирова А.А – Мобильді оқытуды қолдану тиімділігі – студент көзімен.

Конференция қатысушылары үлкен белсенділікпен қатысты. Баяндамашыларға әр түрлі сұрақтар қойылып, дискуссия түрінде талқыланды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу