Шымкенттік ЖОО-лар гуманитарлық көмек жеткізді

Жәңгір хан университетінің студенттер үйіндегі эвакуациялық пункткке Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарынан гуманитарлық көмек жеткізілді.

Мұндай көмекті шымкенттік әріптестер Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университетіндегі эвакуациялық пунктте орналасқан жерлестерімізге де көрсетті.

Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенев атындағы университет, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті, Орталық Азия инновациялық университеті, Шымкент университеті бірлесіп, төтенше жағдай орын алған Орал қаласына көмек көрсетуді ұйғарған. Гуманитарлық көмекті бастап келген әр университеттің өкілдері оңтүстік жұртшылығының, шымкенттік білім ордаларының оқытушылары мен қызметкерлерінің, білім алушыларының жанашырлық ыстық тілегін қоса жеткізді.

Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Ұзақбайұлы сын сағатта қолұшын созған ұжымдарға ризашылығын білдірді. 

Шымкенттік университеттердің өкілдері су тасқыны орын алған аумақтарды аралап, өзен арналарын биіктету, су бөгеу жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар тасқынның беті қайтқан соң профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер жасағын әкеліп, батысқазақстандықтарға тасқынның орнын қайта қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуге уәде берді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу