Робототехника зертханасы ашылды

Жәңгір хан университетінде робототехника зертханасы салтанатты түрде ашылды. Зертхана үшінші курс студенттерінің «Қолданбалы интеллектуалды жүйелер» және «Робототехника негіздері» пәндерін оқуына арналған. Сондықтан университеттің ақпараттық технологиялар бағытындағы оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасы жаңартылып, кеңейтілуде.

Студенттер өздері құрастырған бірнеше оқу роботтарының жұмысын зертхананың тұсаукесерінде таныстырды. Болашақ IT инженерлері мұндай роботтың біреуін ғана құрастырудың өзі көп уақытты қажет ететінін айтты. Өйткені оның кішкентай бөлшектерімен жұмыс жасау оңай емес. Роботтың бағдарламалық жасақтамасын әзірге ғаламтордан алып жүргендерімен, болашақта ондай бағдарламаларды өздері де құрап үйренеді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу