Мәжіліс депутаттары университетте болды

Бүгін Жәңгір хан университетіне келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Снежанна Имашева мен Аветик Амирханян белсенді студенттермен кездесіп, еркін форматта пікірлесті.

Облысымызға жұмыс сапарымен келіп, жоғары оқу орнына арнайы ат басын бұрған Мәжілісмендер алдымен университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтің қабылдауында болды. Бұдан кейін оқу орнының коворкинг-орталығында ұйымдастырылған кездесуді тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов жүргізді.

Мәжіліс депуттары елдегі бүгінгі ахуал, жыл басында орын алған «Қаңтар оқиғасы», оның елімізге тигізген зардабы, «Жаңа Қазақстанды» құрудағы ортақ мүдде және өздерінің жұмыс сапарларының мақсаты туралы әңгімеледі. Кездесу барысында білім алушылар қонақтарға өз сауалдарын қойып, бірқатар мәселелерге қатысты ой-пікірлерін жеткізді.  

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу