ҚПО б.в. өкілдерімен кездесу өтті

27 ақпан күні Мансап және бизнес-серіктестік  орталығы  Индустриалды-технологиялық және Политехникалық институттары студенттерінің ҚПО б.в. өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды.

Кездесу барысында техникалық сервисті дамыту бөлімінің басшысы Стефано Вентурелли және KPC техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Микеле Чаффоне студенттерді компанияның қызметімен таныстырды. Кадрлық қамтамасыз ету және жұмыс күшін жоспарлау бөлімінің басшысы Альбина Киндербаева мен іріктеу жөніндегі жетекші маман Дамира Есқалиева кадрларды іріктеу тетігімен таныстырды. Сонымен қатар компанияда жастар тәжірибесі бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Кездесу Mentimeter Quiz түріндегі аудиторияның кері байланысымен аяқталды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу