Қазақстан ғалымы — Қытай елінде

Қытай Халық Республикасының Санья қаласында 4-6 қаңтар аралығында Хуншалин халықаралық көрме орталығында (Хайнань провинциясы, Қытай) ауыл және мал шаруашылығын дамыту жөнінде халықаралық қос симпозиум ұйымдастырылуда.

Осы үлкен іс-шараға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық униерситетінің ғылым жөніндегі проректоры Әлжан Смайылұлы Шәмшідін қатысуда. Ғалым «Қазақстанда қазақтың ақбас тұқымын өсіру» тақырыбында баяндама оқып, аталмыш тұқымның ерекше қасиеттерімен таныстырды.

Аталған симпозиумда Қытай Коммунистік партиясының Бас хатшысы Си Цзиньпин ауыл шаруашылығын дамыту, елден және шетелден ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдардың ресурстарын біріктіру, ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық үшін халықаралық платформа құру туралы сөздерін нақты жүзеге асыру мақсатын көздейтінін айтты. Оған Қытайдан және өзге мемлекеттерден 56 академик қатысып, 39 баяндама жасалса, сондай-ақ университет декандары мен ректорлары 40-тан астам негізгі баяндамаларын оқыды. Сонымен бірге 200-ден астам аграрлық университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысуда. Қытайдан және басқа елдерден келген ауыл шаруашылығы саласындағы 3000-ға жуық шенеунік, ғалымдар мен сарапшылар, кәсіпкерлер мен индустрия өкілдері белсенді қатысқан Саньядағы халықаралық симпозиум ғылым мен өнеркәсіп саласында технологиялар мен тәжірибе алмасу үшін өте ықпалды іс-шараға айналды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу