«IT процестері» тақырыбында мәселелі дәріс өтті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жаңа оқу жылынан бастап «мәселелі дәрістер» өткізіліп келеді. Ерекшелігі – дәрісті оқытушылар емес, сала мамандары оқиды. Сондай дәрістердің бірі Ақпараттық технологиялар орталығында 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері үшін өткізілді. Дәріс оқуға БҚО «ІТ қауымдастығының» басқарма мүшесі Сергей Иченко шақырылды. Мәселелі дәріс тақырыбы «IT процестері» деп аталды. Дәріс барысында ITIL, ISACA, COBIT, ISO, PMI және т.б сияқты компаниялар мысалында басқару процестері сияқты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ол IT-салаларының сұранысқа ие заманауи маманы меңгеруі қажет дағдыларға тоқталды. Студенттер лекцияны қызығушылықпен тыңдап, дәріс соңында сұрақтарын қойды.

Ақпараттық технологиялар орталығы

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу