Халықаралық олимпиадаға қатысты

«Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің студенттері информатика пәнінен халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

IT саласындағы білімдері мен құзыреттіліктерін дәлелдеген қос команда әр түрлі университеттерден қатысқан 37 команданың арасынан топ жарды. Бірінші команда – Али Темрешев, Нұрлыбек Камелов, Мейрамгүл Кустанова (жетекшісі – Ж.М.Абуова) 2-орынды иеленді. Екінші команда – Арыстан Арыков, Әділет Бисенов, Назгүл Мағаз (аға оқытушы Л.Б.Диярованың жетекшілігімен) үшінші дәрежелі дипломға ие болды.

Халықаралық білім сайысы Екатеринбург қаласының Урал мемлекеттік педагогикалық университетінде өткізілді. Біздің дарынды командалар әртүрлі елдердің қатысушыларымен бәсекелесе отырып, онлайн-форматта өз дағдыларын көрсетті.

Жүлдегерлерге дипломдарын табыстаған Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының директоры Жанар Ержанова команда жетекшілеріне еңбектері мен адалдықтары үшін алғысын білдірді. «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің басшысы Дархан Жақсыбаев олардың кәсіби және шығармашылық өсуіне табыс тіледі.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу