Хакатонда жеңіске жетті

3-4 қараша күндері JAIQ IT HUB және ҚазИИТУ ұйымдастырған «JAIQ HACKATON» байқауында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «West Startup Incubator» бизнес-инкубаторының бизнес-инкубациялық бағдарламасынан өткен «Vega ventures» командасы бірінші орынды иеленді.

Финалдық кезеңге шыққан үздіктердің қатарынан табылған «Vega ventures» командасының құрамында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ магистранттары  Владимира Мысько, Арсен Жасхайратов, Төлеген Айбатуллин, Сұлтан Сибағатов, Зарина Тулегалиева және 11-сынып оқушысы Жұлдыз Сейтқалиева болды.

Команда мүшелерінің ойынша, аталған шараға қатысу әрі қызықты, әрі пайдалы болған. Зерттеу, тәжірибе жасау және өздері үшін тың нәрселердің тиімді шешімін табу секілді қабілеттерінің арқасында жеңіске жеткен. Олардың жобасының мәні – жасанды интеллектіні қолдана отырып, онлайн оқыту платформасын жасау болды. Университетіміздегі коммерциаландыру және бизнес-инкубациялау кеңсесінің жетекшісі Гүлшат Айешева атап өткендей, бүгінде IT технологияны және жасанды интеллектіні дамыту – өзекті мәселелердің бірі.

Инновациялық жобалармен айналысатын командаларға мұндай хакатондарға қатысу серпінді шешімдерді әзірлеу үшін ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға, ортақ ойлы адамдарды және  әлеуетті бизнес-серіктестер мен инвесторлар табуға септігін тигізеді.

Хакатон жеңімпаздары сертификаттар мен басты жүлде 1500 АҚШ долларын иеленді. Команданың алдағы жұмысына сәттіліктер тілейміз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу