Ғылыми тағылымдамалары басталды

Республикалық комиссияның шешімімен «500 ғалым» жобасы аясында мемлекеттік грант иегерлері атанған Жәңгір хан университетінің қос оқытушысы халықаралық тағылымдамаларын бастап кетті.

Қазіргі таңда Индустриалды-технологиялық институтының доцент м.а.,  техника ғылымдарының кандидаты Еркебұлан Мәжитов Ресейдің Қазан мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде «Технология» ғылыми-білім орталығында «Ферроқұйма өндірісінің қалдықтарын қолданып су қажеттілігі төмен цемент негізіндегі беріктігі жоғары бетондар» тақырыбы бойынша ғылыми-тағылымдамадан өтуде.

Аға оқытушы Роза Джусупкалиева Мәскеу қаласында А.Г.Мержанов атындағы Құрылымдық макрокинетика және материалтану мәселелері институтының №3 каталитикалық процестер зертханасында х.ғ.к. В.Н.Борщтің жетекшілігімен ғылыми дайындық деңгейін арттыруда.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу