Диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғады

19 қаңтар күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 8D081 «Өсімдік шаруашылығы мамандарын даярлау» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің докторанттары Айнұр Мәлікқызы Берекетова – «Батыс Қазақстан облысының әртараптандырылған өсімдік шаруашылығы жүйесінде мақсары егістіктерін қалыптастыру» тақырыбында, Аида Каликановна Дукеева «Қостанай облысында күнбағыстың өсіру амалдарын зерттеу» тақырыбында 8D08100-«Агрономия» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғап шықты.

Қос ғалымның ғылыми жетекшілері: «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Бейбіт Нәсиұлы Нәсиев.  

Ректорат және әріптестері докторанттар мен ғылыми жетекшісін докторлық диссертацияның ойдағыдай сәтті қорғалуымен құттықтайды.