Жәңгір хан университетіне Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы елшілігінің өкілдері келді.
Шетелдік делегацияны қабылдаған университеттің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры Нұркен Губашев ЖОО-ның Қытай мемлекетімен, соның ішінде қытайлық университеттермен әріптестік байланыста екенін атап өтті. ҚХР-ның Ақтөбе қаласындағы елшілігінің бас елшісі Го Юй Жәңгір хан университетін еліміздегі беделді әрі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде танитынын айтты. БҚАТУ-дың халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Замзагүл Сұлтанова қонақтарға университеттің бүгінгі тынысы, ғылыми әлеуеті, халықаралық байланыстары туралы айтып өтті. Соның ішінде Жәңгір хан университеті Қытайдағы Тарим университетімен, Солтүстік-батыс ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы университетімен, Қытай мұнай университетімен және Бейжің орман шаруашылығы университетімен әріптестік байланыста екенін мәлімдеді.
Кездесу барысында қос тарап екі ел арасындағы халықаралық қарым-қатынас, жоғары білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп, алдағы уақытта тиімді ынтымақтастық орнату тетіктерін талқылады.

