Білікті ғалым, ұлағатты ұстаз – 70 жаста

Жәңгір хан университетіндегі кезекті ғылыми кеңес отырысы «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Едіге Ғапуұлы Насамбаевтың 70 жасына арналды.

Алдымен Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтының директоры Біржан Нұрғалиев мерейтой иесінің өмір жолымен таныстырды. Ғылыми кеңес отырысын жүргізген басқарма төрағасы-ректордың бірінші орынбасары Өтеген Байырғалиұлы ғалым-ұстазға басшылықтың құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жапты. Сонымен қатар мерейтой иесі  «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Е.Каппельдің атынан саланы дамытуға қосқан үлесі үшін «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Тағы бір үлкен марапат – Ресейдегі байырғы аграрлық университеттердің бірі К.А.Темирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы тағайындаған академик Е.Ф.Лискунның құрметіне берілетін медаль батысқазақстандық ғалым Едіге Насамбаевқа да табысталды. Бұдан соң Едіге Ғапуұлына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаровтың, Қазақтың ақбас сиыры республикалық палатасы ұжымының және  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің  ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы Т.Бексеитовтің құттықтау хаттары табыс етілді.

Жиын барысында шақырулы қонақтар, мерейтой иесінің замандастары, әріптестері, шәкірттері сөз алып, ақжарма тілектерін жеткізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу