«Ашық есік күні»

Жәңгір хан университетінде дәстүрлі «Ашық есік күні» шарасы өтті.

Бұл шараға қала мектептерінен бөлек Теректі, Тасқала, Бөрлі, Ақжайық, Сырым аудандарынан және колледждерден 300-дей оқушы келді. Олар алдымен университет фойесінде жасақталған «Мамандықтар аллеясын» тамашалап, Жәңгір хан университетінде оқытылатын білім беру бағдарламалары туралы толық мағлұмат алды. Сонымен қатар университеттегі Әскери кафедраның жұмысымен танысып, дайындық бағытынан хабардар болды. Шара барысында оқушылар қабылдау комиссиясының қызметкерлерінен кеңес алып, оқуға қабылдау шарттарымен танысты.

«Ашық есік күні» шарасы университет білім алушылары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Оқушылар интеллектуалды ойындарға қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында белсенділік танытқан мектеп оқушыларына естелік сыйлықтар табысталды.

Алпыс жылдық тарихы бар Жәңгір хан университеті аграрлық, ветеринарлық, техникалық, экономикалық, қызмет көрсету, педагогикалық бағыттар бойынша мамандар даярлайды. Бүгінгі таңда университетте 4 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу