Алматыда өткен дөңгелек үстелге қатысты

4-5 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық университеттерінің білім беру процесіне бірыңғай денсаулық бойынша білім беру материалдарын енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Жәңгір хан университетінен ветеринария ғылымдарының кандидаттары Илана Абирова мен Кенжебек Мурзабаев, ветеринария ғылымдарының докторы Рашид Кармалиев қатысты.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының Қазақстандағы кеңсесі мен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бірлесе АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID Central Asia  USAID – US Agency for International Development) қаржылай қолдауымен ұйымдастырған шара ауылшаруашылық университеттеріндегі бакалавриат және магистратура студенттерінің бағдарламаларына бірыңғай денсаулық бойынша материалдар енгізу мәселесіне арналды.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар бірыңғай денсаулық тұжырымдамасының маңызын көрсету, зооноздық аурулармен күресудегі сектораралық тәсілдер, микробқа қарсы препараттарға тұрақтылығы, азық-түлік және биоқауіпсіздік мәселелерін талқылады. Шараға ЖОО оқытушыларынан бөлек сарапшылар, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымымен төртжақты келісім жасаушылар және БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы өкілдері қатысты. 

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу