Зияткерлік меншік объектілері: Өнертабысқа патенттер, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгі. Сауда белгілері. Селекциялық жетістіктер.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ “West StartUp Incubator” бизнес-инкубаторының зияткерлік құқық жөніндегі менеджері Т.М. Шадьяров қатысушыларға Қазақстан Республикасының және шетелдік патенттік ведомстволардың қорғау құжаттарының түрлері бойынша толық ақпарат берді.

Негізгі мақсаты инкубациялық бағдарламаға қатысушыларды зияткерлік меншік объектілерін қорғау құжаттарының түрлерімен таныстыру болды.

Семинар-тренинг барысында зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңнамалық актілер мен халықаралық конвенциялар қаралды, қорғау құжаттарының барлық түрлері бойынша патентке қабілеттіліктің талаптары мен шарттары айтылды. Инкубациялық бағдарламаға қатысушылар патенттік-ақпараттық іздеуді жүргізу қағидаларымен (нөмірлеу, тақырыптық, атаулы, патент-аналогтарды іздеу, патенттік құқықтарды анықтау бойынша іздестіру) және отандық және шетелдік патенттік ведомстволардың дерекқорларында жаңашылдыққа іздеуді жүргізу, техника деңгейін және патенттік тазалықты айқындау әдістемесімен танысты. Оқыту барысында Патенттік ақпараттың құқықтық, экономикалық және техникалық аспектілері қарастырылды. Халықаралық патенттік жіктеу бөлімдерімен жұмыс істеу кезінде практикалық дағдыларды алу үшін патенттік ведомстволар мен ұйымдардың интернет ресурстарын пайдалана отырып мысалдар ұсынылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу