ЖШС «Айс-Плюс» тәжірибе-базасындағы тағылымдама

Өндірістік тәжірибе – бұл 4 курс студенттері үшін оқу процесінің міндетті бөлігі болып табылады. Білім алушылар практикадан өту орны туралы басталғанға дейін алты ай бұрын анықтап, ғылыми жетекшімен жоспар-кестесін құрып алуы керек.

Практикадан өту университет пен тиісті ұйымдар арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады. Университет пен ұйым (кәсіпорын) арасындағы келісім-шартқа сәйкес әрбір студентке практиканың екі жетекшісі тағайындалады: кәсіпорыннан және университеттен.

«Тағам және қайта өңдеу өндірісінің технологиялары» жоғары мектебі облыстың сүт кәсіпорындарымен, атап айтқанда Ақтөбе қаласында орналасқан ЖШС «Айс-Плюс» және Орал қаласында орналасқан ЖШС «Uralsk trade company» кәсіпорындарынмен ынтымақтастық орнатты.

ЖШС «Айс-Плюс» – 1999 жылдан бастап сүт өңдеумен айналысатын облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Шығарылатын өнімнің ассортименті: стерильденген, пастерленген және пісірілген сүт өнімдері, балмұздақтар (23 түрі), сүт қышқылды өнімдерін өндіреді.

             «Uralsk trade company» компаниясы – Батыс Қазақстан облысының ең жас кәсіпорындарының бірі, оның негізгі қызметі сүт өндіру болып табылады. Дегенмен, кәсіпорын «Тағам өнімдерінің технологиясы» мамандығы студенттерінің практикалық оқуынан сапалы өтуін қамтамасыз ете алады. Студенттер пастерлеу, гомогенизация, сүт сапасының параметрлерін анықтау дағдыларын игерді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу