Жолдауды ұжым болып тыңдады

Бүгін Жәңгір хан университетінің басшылығы және  профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына кезекті Жолдауын жұртшылықпен бірге ұжым болып тыңдады.

Маңызды салалар түгелдей дерлік қамтылған саяси құжатты талқылаған ұжым Жолдауды қолдайтындарын жеткізді. Әсіресе, білім саласына, жастарға қатысты айтылған мәселелер жоғары оқу орны ұстаздарының көңілінен шықты.

Университет ректоры Асқар Наметов биылғы Президенттің Жолдауы уақтылы жолданды деп есептейді. – Бүгін – Білім күні. Біздің басты мақсатымыз – сапалы білім беру, сапалы кадрлар даярлау. Осы ретте жастардың жоғары білім алуына жағдай жасау, білікті маман болуына ықпал ету, жұмыспен қамту бағытында жұмыстанып келеміз. Мемлекет басшысының Жолдауында да  бұл мәселелер назардан тыс қалмады. Бұған дейін де біздің алдымызға нақты мақсат-міндеттер қойылған еді. Нәтижесінде біз жаңа оқу жылындағы жұмыс жоспарымызды жүйелеп, шаруашылықтармен, кәсіпкерлермен, бизнес нысандарымен біріге отырып, жоғары білімді кәсіби мамандар даярлауды іске асыратын боламыз, – деді Асқар Мырзахметұлы.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу