Жас оқытушыларға арналған білім беру бағдарламасы

Жәңгір хан университетінің жас оқытушылары дипломнан кейінгі білім беру бағдарламасын сәтті аяқтады.

Университет ректоры Асқар Наметовтің бастамасымен қолға алынған білім беру бағдарламасын «Қосымша білім беру және біліктілікті арттыру» бөлімі өткізді. Бөлім басшысы  Людмила Таршилова түлектерді сәтті аяқталған оқыту курсымен құттықтап, еңбек жолына табыстар тіледі.

3 жылға созылған білім беру бағдарламасы пәндік-әдістемелік, зерттеу, кәсіпкерлік-басқару және IТ бағыттары бойынша жүргізілді. Әр бағыт бойынша оқытушылар 3 модульде білімін жетілдіріп, жобаларын қорғады.

Еске сала кетсек, биылғы жылы дипломнан кейінгі білім беру бағдарламасының алғашқы түлектері куәліктерін алды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу