Жәңгір хан университетіне – 60 жыл

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 60 жылдық мерейтойы аясында Түлектер мен қамқоршылар форумы өтті.

Түлектер мен қамқоршылар қауымдастығының кеңейтілген отырысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов және білім ордасының әр жылдардағы түлектері мен шақырулы қонақтар қатысты.

Форум барысында келген қонақтарға Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жоғары білім мен ғылым саласындағы жетістіктері көрсетілді. Бүгінгі таңда өз кәсіптерінің білгірі атанған түлектер жастармен кездесіп, мансап және бизнестегі табысты жолдарының тәжірибесімен бөлісті. Ал Түлектер мен қамқоршылар қауымдастығының кеңейтілген отырысында университеттің түлектермен және жұмыс берушілермен бірлескен жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар форумға қатысушылар университеттің маңызды нысандарын аралап, білім ордасының бүгінгі тынысынан хабардар болды.

Бұл іс-шара тараптардың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға септігін тигізгені сөзсіз.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу