Жәңгір хан университетінде жылқы шаруашылығы мәселелері талқыланды

 “AGROTECH HUB” жобалық кеңсесі «ҚР-да және шетелде өсірілетін әртүрлі бағыттағы (тұқымды) жылқыларды өсіру» тақырыбында семинар өткізді.

Кеңес барысында өнімділіктің әртүрлі бағыттарындағы жылқыларды іріктеу, жануарлардың генетикалық ресурстары және басқа да мәселелер талқыланды. Семинарға қатысушылар сала мамандарына өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Семинар аясында қатысушылар жылқы өсірумен айналысатын «Рысжан» шаруа қожалығына барып, шаруашылық жұмысымен танысты. Шаруа және ферма қожалықтарының өкілдері осы іс-шараға ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Сондай-ақ, олар әріптестерімен семинарда алған дағдылары мен озық тәжірибелерімен бөлісуге ниетті екендіктерін де жеткізді. Жиын соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу