Жәңгір хан университеті – сегізінші орында

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР/IAAR) өткізетін «Қазақстан Республикасының ЖОО сұраныстың тәуелсіз рейтингі 2023» жыл сайынғы Ұлттық рейтингінде Жәңгір хан университеті 33060 балл жинап, 8ші орынды (2018 ж. – 10орын; 2020 ж. – 11орын) иеленді (https://iaar.agency/rating/1/0/2023).

ҚР Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау 5 негізгі критерий бойынша жүргізілді:

– беделді академиялық марапаттарға ие болған оқытушылар құрамы мен оқытушылардың сапасы (15%);

– ғылыми-зерттеу әлеуеті, оның ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстары, әлемдік журналдардағы жарияланымдар, академиялық ортаға әсері және ғылыми жұмыстардың дәйексөзділігі (25%);

– студенттер мен ПОҚ интернационализациясы және академиялық ұтқырлығы (25%);

– талантты студенттерді, магистранттарды, докторанттарды тарту деңгейі (25%);

– еңбек нарығында түлектердің жұмысқа орналасу және сұраныс көрсеткіштері (10%).

Бакалавриат білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша ЖОО институционалдық рейтингі 

БағыттарОрын
16В08 – Ауыл шаруашылығы және биоресурстар3
26В09 – Ветеринария3

Докторантура білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша ЖОО институционалдық рейтингі

БағыттарОрын
16D08 – Ауыл шаруашылығы және биоресурстар3
26D09 – Ветеринария3

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ҚР ЖОО рейтингі

Білім беру бағдарламаларының топтарыОрын
Бакалавриат
1В271-Мұнай газ ісі1
2В094-Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар1
3В074-Қала құрылысы, құрылыс жұмыстар және азаматтық құрылыс3
4В075-Кадастр және жерге орналастыру3
5В077-Өсімдік шаруашылығы3
6В078-Мал шаруашылығы3
7В183-Агроинженерия3
8В083-Ветеринария3
Докторантура
1D132- Мал шаруашылығы1
2D131- Өсімдік шаруашылығы3
3D138-Ветеринария3
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу