«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің ТПП-41 топ студенттері «Дегустациялық сараптау және органолептикалық бағалау» пәнінен «Дегустаторлардың көру сезімталдығын тексеру» тақырыбы аясында жоғары мектептің зертханасында практикаға бағытталған сабақтар өткізді. Зертханалық сабақ тағамдық шикізаттың сапасын бағалау және ұтымды пайдалану, оның заманауи органолептикалық талдау әдістерін қолдана отырып, құрамын және физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу негізінде жүзеге асырылды. Органолептикалық әдістің тиімділігі, оны қолдану тағамдық шикізаттың және оны қайта өңдеу өнімдерінің құрылымын, құрамын және қасиеттерін, сапасы мен қауіпсіздігін бағалау үшін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретіндігі талқыланды. Практикалық сабақты «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің оқытушы, магистрі А.Жұмағалиева өткізді.
Зертханадағы дәріс
27-09-2021
179
Көп оқылғандар
-
Халықаралық конференция өтті апта
1 657 10.04.2026 -
Таразда Қазақстанның оңтүстігінде қымыз фермаларын дамыту перспективалары...
769 24.04.2026 -
Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің доценті дәріс оқыды
765 13.04.2026 -
Ғалымдар халықаралық семинарға қатысты
755 23.04.2026 -
ҚХР елшілігі өкілдерімен кездесу
676 22.04.2026
Жоғары


