Волейбол турнирі өтуде

Бүгін университетімізде Батыс аймақтық жоғары оқу орындарының студент қыздары арасында волейбол турнирі басталды.

Жарыстың ашылу салтанатына басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі
Дәурен Мұқанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Турнирге Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командалары қатысып, өзара шеберліктерін сынға салуда.

Волейбол ойындары ертең де жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын алған командалар республикалық кезеңге өтеді.

Еске сала кетсек, волейбол ойындары университеттің YouTube каналынан (zhastar zkatu) тікелей трансляция жасалды.

Сілтемесі:

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу