«Ветеринарлык медицина және мал шаруашылығы» институтының студенттері қой төлдету науқанына қатысуда

«Мал шаруашылығы және биоресурстар»  жоғары мектебінің «ТППЖ-21» тобының студенттері өндірістік практикаларын «Ақжайық» тәжірибелі- өндірістік шаруашылығында өткізуде. Шаруашылыққа студенттерді жоғары мектеп бойынша өндірістік оқыту шебері  Жаңылсын Нұрланқызы Махимова алып барды.

Мұнда болашақ мал шаруашылығы саласының мамандары сапалы теориялық біліммен қатар практикалық жағынан шындалуда. Олар қой төлдету науқанына атсалысып, төлдейтін қойларға көмектесу, азықтандыру, жалқы төлдерді емізу, жаңа туған төлдерді таңбалау, құйрықтарын кесу жұмыстарына араласуда. Сонымен қатар туған мал мен төлдерге есеп жүргізіліп, есеп журналына жазылуда.

28 наурызда басталған өндірістік практика 1 мамырға дейін жалғасады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу