Ұжымдағы нәзік жандарды құттықтады

Бүгін университетімізде 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті.

Кешке жиналған мереке иелеріне гүл шоқтары мен құттықтау хаттар табысталып, ер-азаматтар мен білім алушылар жылы лебіздерін арнады.

Басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметов ұжымдағы әйел-азаматшаларға бейнеқұттықтау жолдаса, басқарма төрағасының бірінші орынбасары Өтеген Байырғалиұлы Таубаев залдағы асыл аналар мен аяулы аруларға ақжарма тілегін арнады.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Нәзік жандарға мерекелік көңіл күй сыйлаған ер-азаматтар мен белсенді студенттер кешті әсем әнмен, ырғақты бимен, көңілді әзілмен көркемдеді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу