Жәңгір хан университетінде 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара өтті.
Салтанатты шарада алдымен сөз алған басқарма төрағасы-ректордың бірінші орынбасары Өтеген Таубаев оқытушылар мен қызметкерлерді және білім алушыларды ұлттық мерекемен басқарма атынан құттықтады. Сондай-ақ ұжымда ұлттық киімдерді насихаттап, ерекше көзге түскен Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма ұжымы мен Тілдерді дамыту орталығының оқытушыларын арнайы марапаттады.
Мерекелік шарада университеттегі «NUR» би ансамблі, «Тұмарым» вокалдық ансамблінің өнерпаздары және «Нарын сазы» ұлттық аспаптар ансамблі өнер көрсетіп, көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады. Шара барысында көпшілік БҚО Дизайнерлер мен модельдер қауымдастығының президенті Әсем Кенжебайқызының авторлық ұлттық киімдер топтамасын тамашалады.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған дәстүрлі «Жеті қазына» жобасы аясындағы сайыстар мен байқаулардың жеңімпаздары белгілі болды.