Уфа университеті басшылығымен онлайн кездесу өтті

Бүгін Жәңгір хан университеті мен Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университеті басшылығы онлайн форматта кездесу ұйымдастырды. Кездесуге университетіміздің басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметов және проректорлар, институттар мен басқармалар басшылары,«Халықаралық  қатынас бөлімі» өкілдері қатысты.

Іскерлік кездесу барысында екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайту, сонымен қатар Орал қаласында ресейлік ЖОО-ның филиалын ашу туралы ұсыныстар талқыланды.

Сонымен қатар Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінің ректоры Олег Баулин батысқазақстандық білім ордасы өкілдерін мамыр айында өтетін дөңгелек үстелге қатысуға шақырды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу