ҚР Премьер-министрінің өткен жылғы өкімімен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жол картасының жоспары аясындағы марафон ауылдағы еңбек адамдарының мәртебесін арттыру мақсатында өткізілді. Марафонның ашылу салтанатында сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Ұзақбайұлы Сұлтанов спорттық шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Университеттің «Мансап және бизнес-серіктестік орталығы» ұйымдастырған «Түлектер марафонына» биылғы университет бітіруші студенттер мен аграрлық жоғары оқу орындарын тәмамдаған профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлініп, белгіленген қашықтықта жүгіріп, өзара сынға түсті. Шара соңында марафонға белсене қатысқан түлектер марапатталды.
«Түлектер марафоны» ұйымдастырылды
13-06-2022
317
Көп оқылғандар
-
«Тәуелсіздік тұғыры – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында дөңгелек...
805 04.06.2026 -
БҚАТУ студенті Бекжан Ғалымжан VIII Халық ойындарының...
667 17.06.2026 -
Әскери кафедра түлектеріне әскери атақтар берілді
590 25.06.2026 -
Әскери кафедра түлектеріне «запастағы сержант» шені табысталды
559 04.06.2026 -
Жәңгір хан университетінің студенті Сабина Құлымбетова самбодан...
485 26.06.2026
Жоғары





