Тағылымы мол кездесу

Жәңгір хан университетінің «Парасат» Ақпараттық білім беру орталығында «Парасат жолы» жобасы аясында Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын Болатқали Төлебаевпен сыр сұхбат кеші болып өтті.

Кездесу барысында ақын өмір жолымен, қызықты оқиғаларымен бөлісті, студенттер ақыннан өлең тыңдап қана қоймай, ақынның шығармаларын да оқыды.

Өңірімізге танымал әншілер Раушан Қуаншалиева мен Еркін Өтегенов – Болатқали Төлебаевтың сөзіне жазылған «Ару Жайық», «Күндер-ай» әндерін орындады. Бұл тағылымды кездесу кешінен жастар мол тәлім алды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу